Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Оның басты мақсаты – еңбек нарығында білікті жұмысшы кадрлардың жетіспеушілік мәселесін шешу. Бұл әсіресе құрылыс, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, ақпараттық технологиялар және басқа да салалар үшін аса өзекті. Осыған байланысты жұмысшы кадрларды даярлайтын колледждер мен оқу орталықтарына ерекше назар аударылуда.
Осыған орай, 2025 жылдың 28 ақпанында Жәлел Қизатов атындағы Жоғары ауылшаруашылық колледжінде «Junior Skills-2025» кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқауға «Рассвет орта мектебі» КММ, «Явленка №3 орта мектебі» КММ, «Покровка орта мектебі» КММ, «Аскар Игібаев атындағы ОМ» КММ, «Корнеевка орта мектебі» КММ, «Ясновка орта мектебі» КММ және «Петропавл қаласындағы №26 мектеп-балабақша» КММ білім беру мекемелерінің 9-сынып және 11-сынып оқушылары қатысты.
Байқау жеті құзыреттілікті қамтыды: «Ветеринария», «Агрономия», «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Орман шаруашылығы», «Тамақтануды ұйымдастыру», «Сүт және сүт өнімдерін өндіру», «Есеп және аудит». Бұл жас таланттардың қабілеттері мен дағдыларын көрсетуіне үлкен мүмкіндік берді.
Байқау WorldSkills жұмысшы мамандықтары чемпионатының ережелеріне сәйкес өткізілді және қатысушыларға достық әрі бәсекеге толы ортада өздерін танытуға жағдай жасады. Олар тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындап, өздерінің білімі мен шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Әрбір тапсырма тек кәсіби білімді ғана емес, сонымен қатар креативті ойлауды талап еттіп байқауды мазмұнды әрі қызықты етті.
«Junior Skills-2025» кәсіби байқауының жеңімпаздары:
«Ветеринария» құзыреттілігі бойынша:
3 орын - Пархоменко Ярослав Игоревич, Покровка ОМ
2 орын – Черноусова Елизавета Васильевна, Ясновка ОМ
1 орын – Пилипенко Алексей Сергеевич, Петропавл қаласындағы № 26 мектеп-балабақшасы
«Агрономия» құзыреттілігі бойынша:
3 орын - Загибалова Анастасия Ивановна, Корнеевка ОМ
2 орын – Троицкая Ирина Андреевна, Рассвет ОМ
1 орын – Золотырёва Елена Эдуардовна, Рассвет ОМ
«Ауыл шаруашылығын механикаландыру» құзыреттілігі бойынша:
3 орын – Войтенко Алексей Юрьевич, Петропавл қаласындағы № 26 мектеп-балабақша
2 орын – Омаров Степан Юрьевич, Рассвет ОМ
1 орын – Сафонов Юрий Романович, Рассвет ОМ
«Орман шаруашылығы» құзыреттілігі бойынша:
3 орын - Радченко Дмитрий Владимирович, Корнеевка ОМ
2 орын – Сәбит Ерасыл, Шәжімбаев атындағы Явленка ОМ № 3
1 орын – Лопух Виктория Константиновна, Рассвет ОМ
«Тамақтануды ұйымдастыру» құзыреттілігі бойынша:
3 орын - Сидашова Мария Юрьевна, Петропавл қаласындағы № 26 мектеп-балабақша
2 орын – Жаңабай Сабина, Шәжімбаев атындағы Явленка ОМ № 3
1 орын –Полоцкая Анастасия Андреевна, Ясновка ОМ
«Сүт және сүт өнімдерін өндіру» құзыреттілігі бойынша:
3 орын – команда «Сливчёнки», Шәжімбаев атындағы Явленка ОМ № 3 и Покровка ОМ
2 орын – команда «Слоняры», Корнеевка ОМ
1 орын – команда «Тигры», Рассвет ОМ и Аскар Игібаев атындағы ОМ
«Есеп және аудит» құзыреттілігі бойынша:
3 орын - Ермағанбет Дана Нұрланқызы, Покровка ОМ
2 орын – Капитан Юлия Сергеевна, Покровка ОМ
1 орын – Шульжик Дарья Александровна, Покровка ОМ
Жұмысшы мамандықтар жылына арналған бұл іс-шара техникалық мамандықтар мен жұмысшы кәсіптерін жастар арасында кеңінен насихаттауда маңызды оқиға болды.






